11-17 қараша аралығында фестиваль аясында студенттерге арналған 30-ға жуық әртүрлі іс-шаралар өтеді
Бүгін Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Almaty Students Week акциясының басталуына арналған баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Негізгі спикерлер ретінде Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының жастарды әлеуметтендіру және жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Бекқайыров және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттік омбудсмені Нұрбақыт Әлібек қатысты.
Нұрсұлтан Бекқайыров атап өткендей, Алматы - Қазақстанның ең ірі студенттік орталығы, онда 199 мыңнан астам студентті оқытатын 35 ЖОО орналасқан, оның 124 мыңнан астамы — өзге қалалардан келгендер. Жыл сайын, 17 қарашада бүкіл әлемде 1946 жылы Дүниежүзілік студенттер конгресінде құрылған Халықаралық студенттер күні атап өтіледі. Осы күн қарсаңында, 11-17 қараша аралығында Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы Almaty Students Week фестивалін өткізеді.
«Фестивальдің мақсаты - студенттер үшін белсенді және қолдаушы орта құру, талантты жастар мен болашақ пікір көшбасшыларын анықтау. Фестиваль сонымен қатар университетаралық өзара іс-қимылды нығайтуға және әртүрлі факультеттер мен оқу орындарының студенттері арасында достық және іскерлік байланыстар құруға бағытталған. Білім мен идеялармен алмасуға арналған мұндай платформа кәсіпқойлардың жаңа буынын қалыптастыра отырып, бірлескен жобалар мен бастамалар үшін негіз бола алады», - деп атап өтті Нұрсұлтан Беккайыров.
«Almaty Students Week» негізгі аспектісі - студент жастардың бірлігі және патриоттық рухын тәрбиелеу. Фестиваль аясында 17 мыңнан астам жасты қамтитын 30 түрлі іс-шара өтеді.
«Almaty Students Week» — бұл жай ғана мереке емес, қазіргі заманғы сын-қатерлерді шешуге дайын және елдің дамуына елеулі үлес қоса алатын неғұрлым белсенді және ұйымшыл студенттер қауымдастығын құру жолындағы маңызды қадам», - деп қорытындылады Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттік омбудсмені Нұрбақыт Әлібек.
Алматыда 17 қараша Халықаралық студенттер күніне арналған ауқымды "Almaty Student's Week" фестивалі бастау алды. Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өтуде, оның басты мақсаты – студенттердің қала өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз етіп, жас көшбасшыларды анықтау.
11-17 қараша аралығында фестиваль аясында студенттерге арналған 30-ға жуық әртүрлі іс-шаралар өтеді. "Almaty Student's Week" фестиваліне қатысатын әрбір студент өз таланты мен көшбасшылық қасиеттерін көрсете алады. Сондай-ақ, жастарға басқа оқу орындарының студенттерімен байланыс орнатуға мүмкіндік беріп, жоғары оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізеді.
Фестиваль іс-шаралары студенттерге тәжірибе, идеялар және білім алмасуға арналған алаңдар ашып, болашақ бірлескен жобалар мен бастамалардың негізін қалайды. Бұл – студенттердің зияткерлік, спорттық, мәдени және қоғамдық салаларда өзін көрсетіп, өз дағдыларын нығайтып, өзін дамытуға бірегей мүмкіндік.
"Almaty Student's Week" фестивалінің маңызды бөлігі – жастардың патриоттық рухын көтеру, бірлігін нығайту және қазіргі заманғы сын-қатерлерге дайын әлеуметтік белсенді және біртұтас студенттік қауымдастық құру.
Айта кетейік, Алматыда 35 жоғары оқу орнында 199 мыңнан астам студент білім алады, олардың 124 мыңнан астамы басқа өңірлерден келген.
Іс-шаралар туралы ақпаратты төмендегі кестеден көре аласыздар.