Вакциналау қарқыны төмендесе, күзде қызылшаның өршу қаупі бар - мамандар дабыл қақты

07.08.2026 20:29

Биыл қызылшаға қарсы вакцинаның бірінші дозасын 154 мыңнан астам бала алған

Елде қызылшаға қарсы екпе алу көрсеткіші төмендеп барады. Негізінен ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, вакцина балаларға екі рет 1 жаста және 6 жаста салынады. Алайда биыл жоспарлы екпе алатындардың қамтылуы күткен межеден айтарлықтай төмен болып тұр, 

Биыл қызылшаға қарсы вакцинаның бірінші дозасын 154 мыңнан астам бала алған. Бұл жоспарланған көрсеткіштің шамамен 47 пайызына ғана жетеді. Ал екінші дозамен 126 мыңнан астам бала қамтылып, көрсеткіш 44 процент болған. Мамандардың айтуынша, осы кезеңде екпе алу деңгейі кемінде 55 пайыздан асуы тиіс еді. Олар вакциналау қарқыны осылай төмен күйінде сақталса, күз айларында қызылша ауруының өршу қаупі жоғары екенін ескертеді.

«Болжам бойынша әрі қарай өседі деген қауіп бар. Өйткені қазіргі кезде егу, жоспарлы егу, толықтыра егудің қарқынды жүрмеу себебі біріншіден, ат-ана бас тартуда. Нақты цифр айту мүмкін емес. Бірақта күз айларында қызылшамен ауырған науқастар санының  өсу қауіпі бар», – деді Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығы иммунопрофилактика орталығының басшысы Нұршай Әзімбаева.¤

Қазір қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуал алаңдатарлық деңгейде. Кейінгі мәліметтерге сәйкес, елде дертке шалдыққандар саны айтарлықтай артып отыр. Былтыр алғашқы 7 айда Қазақстан көлемінде қызылшаның 2500-ге жуық жағдайы тіркелсе, биыл осы кезеңде сырқаттанушылар саны 3 есеге көбейіп, 7 мыңнан асты. Аурудың таралу қарқыны жоғары өңірлердің қатарында Астана көш бастап тұр. Сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысында да қызылша жұқтырғандар саны көп тіркелген.

«Биыл ауырған бала 5 жылдан кейін, 10 жылдан кейін менингоэнцефалитке шалдығып, ешқандай емсіз бірнеше айдыңөлімге душар болуы мүмкін. Сондықтан бұл инфекция ауыр болып есептеледі. Одан басқа да ауыр салдары бар. Мысалы керең. соқыр болып қалу мүмкін», – деді Қоғамдық денсаулық сақтау Ұлттық орталығы иммунопрофилактика орталығының басшысы Нұршай Әзімбаева.

Оқи отрыңыңыз: Атырауда балалар арасында қызылша, көк жөтел ауруы күрт көбейді

Толық көрсету