Видеосы желіде тарап кеткен: туыстар арасындағы жанжал өліммен аяқталды

10.07.2025 18:34

Ер адамды өгей қызы мен жігіті өлімші етіп сабаған

Алматыдағы Ремизовкада, қазіргі Асқартау ықшамауданында туыстар арасындағы жанжал адам өлімімен аяқталды. Қанды қылмыс бейнеленген видео әлеуметтік желіге тарап кетті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Жантүршігерлік оқиға көшенің қақ ортасында, балалардың көз алдында болған.

Куәгерлердің айтуынша, ұрыс кезінде ер кісіні өгей қызы мен оның көңілдесі ауыр соққыға жыққан.

Бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тергеу амалдарын бастады.  

«Күдікті «ізі суымай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында қылмыстың тұрмыстық себеппен, ер адамдар арасындағы ауызша жанжал кезінде жасалғаны анықталды», - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқи отырыңыз: Жыл басынан бері жүзден аса бала терезеден құлап, 11-і көз жұмған