Дәмді әрі пайдалы: мектеп асханаларында жылқы етінен дайындалған тағамдар пайда болады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Оны аптасына екі рет дайындау жоспарланып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Премьер-Министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин депутаттық сауалға берген жауабында мектеп оқушылары мен әскери қызметшілердің рационына жылқы етін енгізу туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

1 қыркүйектен бастап оқу орындарында тамақтандыруды ұйымдастырудың бірыңғай стандарты қолданысқа енгізілді. Ол семіздік, қант диабеті және жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтуға бағытталған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) ұсынымдарын ескере отырып әзірленген. Стандарт көкөністер мен жеміс-жидектердің үлесін арттырып, құрамында тұзы мен қанты көп өнімдерді алып тастауды көздейді.

Серік Жұманғариннің айтуынша, стандартқа сәйкес жылқы етін рационға аптасына екі рет, екі порциядан қосу ұсынылады. Сонымен қатар тамақтандыруды ұйымдастыратын мекемелер мәзірді қолжетімді өнімдерге, ұлттық дәстүрлерге және халықаралық ұсынымдарға сүйене отырып, өз бетінше қалыптастыра алады.

Қорғаныс және Ішкі істер министрліктері де әскери қызметшілердің рационына жылқы етін енгізуді қолдап отыр. Ведомстволар оның жоғары биологиялық құндылығын және жеке құрамның физикалық жағдайына оң әсерін атап өтті.

Қазіргі уақытта жылқы етін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізіміне енгізу мәселесі де қарастырылуда.

Новости партнеров