Итбалықтың өлексесі көбейді: зерттеу ісіне тәуелсіз сарапшыларды тарту керек - Әділбек Қозыбақов

Түпқараған ауданы аумағындағы теңіз жағалауынан тағы 121 сүтқоректі жануардың өлексесін тапқан

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Каспий жағасында қырылған итбалықтардың саны 400-ден асты. Мамандар Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы аумағындағы теңіз жағалауынан тағы 121 сүтқоректі жануардың өлексесін тапқан деп хабарлайды Almaty.tv.

Жауаптылар олардың балыққа құрылған аудан қырылуы мүмкін деген болжам айтты. Бірақ өлекселер ыдырап кеткендіктен нақты себебін анықтау қиын деп отыр. Микробиология және вирусология институтының алматылық мамандары итбалықтардың неден қырылғанын зерттеу үшін сынаманы тек өлекседен ғана емес, сол аймақтағы судан да алған. 300-ге жуық өлексенің сынама нәтижесі 2-3 айдан кейін дайын болады. Зертеушілер судан ешқандай қауіп таппаған. Бұл ретте тәуелсіз эколог Әділбек Қозыбақов «итбалықтың қырылуына теңіздің ластануы, браконьерлердің құрған ауы немесе кемелердің зардабы себеп болуы мүмкін» дейді. Ол жыл сайын қайталанатын жағдайдың нақты себебін анықтауға тәуелсіз экологтардың қатыса алмайтынын айтты.

"Бұл жерде Кәсіпкерлік кодексінің тікелей қатысы бар. Себебі оны бақылаушы органдар міндетті түрде сол кодекске сүйенеді. Мемлекеттік органдармен қатар, тәуелсіз сарапшыларды тарту керек деп ойлаймын", – деді  «Ecojer» қауымдастығының аймақтық экологиялық кеңесінің төрағасы Әділбек Қозыбақов.

Оқи отырыңыз: Алматыда автобус апатына қатысты сот отырысы өтті

Новости партнеров