Жалған сертификат: Түркістан облысында заңсыз сауданың жолы кесілді

05.03.2026 14:09

Олар нарыққа сапасыз цементтің ірі партиясы шығарылмақ болған

Түркістан облысында жалған сертификатпен сауда жасағандардың жолы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Техникалық талаптарды елемегендердің дені – құрылыс материалдарын сатушылар. Өңірлік департамент мамандары 250-ден аса тексеру жүргізіп, оның 92 пайызында заңбұзушылық анықтаған. Яғни, тексерілген нысанның барлығы дерлік талапқа сай емес. Нәтижесінде 13,5 миллион теңге айыппұл салынып, 200-ден аса жалған сертификаттың күші жойылды. Тіпті  нарыққа шығарылмақ болған сапасыз цементтің ірі партиясы тәркіленген.

«Өзбекстанда өндірілген цемент өнімін сатуға қатысты 4 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында жалған сәйкестік сертификаттарымен цементті сату және таңбалау бөлігіндегі бұзушылықтар фактілері анықталды. Тексерулер нәтижелері бойынша екі кәсіпкер ҚР ӘҚБтК-нің 415-бабының 1-бөлігі бойынша 920 088 теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді Техникалық реттеу және метрология комитетінің облыс бойынша департаментінің басшысы Әсет Төребаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Заң мен тәртіп: қауіпсіз қоғам» тақырыбында студенттермен кездесу өтті