Жамбыл фосфор зауытында 3 адамды күйік шалып, біреуі көз жұмды

Екі қызметкер қалалық аурухананың күйік бөлімінде ем қабылдап жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысындағы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында 3 адамды күйік шалып, олардың бірі қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы жағдай кәсіпорынға тиесілі № 5 цехте болған. Технологиялық жұмыстар кезінде пештен ыстық шоқ атқылап, үш бірдей жұмысшыны күйік шалған. Зардап шеккендердің екеуі сары фосфор өндірісінің операторы болса, бірі жөндеуші. 31 жастағы жұмысшы денесінің 45 пайызын термохимиялық күйік шалып, тыныс алу жолдары зақымданған күйде жансақтау бөліміне жеткізілген. Алайда аман алып қалу мүмкін болмады.

Ал тағы екі қызметкер қалалық аурухананың күйік бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайға байланысты тексеру жұмыстары басталып кетті.

 «Үш адам зардап шегуіне байланысты департамент тарапынан бұйрықпен комиссия мүшелері құрылды. Тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, екі жағдай бойынша да тергеу біткен соң тиісті органдарға беріледі», – деді Жамбыл облыстық еңбек инспекциясының бөлім басшысы Бекжан Әбді.

Оқи отырыңыз: Қызылша: Қостанайда бір айда 58 жағдай тіркелді

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров