Жамбыл облысында 22 бала уланып қалды

Ақ халаттылар жеткіншектердің басым көпшілігі іш аруы мен құсу белгісімен түскенін айтып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысы Меркі ауданында балалар жаппай астан уланды. Аудандық ауруханаға 12 мен 17 жас аралығындағы 22 бала бірінен кейін бірі жеткізілген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақ халаттылар жеткіншектердің басым көпшілігі іш аруы мен құсу белгісімен түскенін айтып отыр. Олардан сынама алынып, қазір этиологиясы анықталмаған гастроэнтерит диагнозы қойылды. Улану дерегі аудандағы демалыс орталықтарының бірінде болған.

Ал астан ұшынған балалар Меркіге Қызылорда қаласынан спорттық оқу-жаттығу үшін келгені белгілі болды. Демалыс орталығына барлығы 103 жас спортшы мен 13 жаттықтырушы орналасыпты. Қазір бизнес нысанына облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеріс жүргізіп жатыр. Оған қоса аудандық полиция бөлімі де істі тіркеген. Сараптама мен тексеріс нәтижесіне байланысты шешім қабылданады.

«Ауруханаға жүгінген науқастардың жағдайы жеңіл дәрежеде. Денсаулығы қалыпты, түнімен дәрігерлердің тұрақты бақылауында болды. 22 қаңтарда ертеңгілік 21 бала дәрігерлердің тексеруінен қайта өтті. Жағдайының жақсы болуына байланысты ауруханадан шығарылды. Демалыс орнында қалған балалардың барлығы бақылауға алынған. Олардан ауру белгісі анықталған жоқ», – деді Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбек.

Оқи отырыңыз: ДСМ медициналық ұйымдарды жоспарлы түрде тексеруді қайта бастайды

Новости партнеров