Аймақта 417 жабайы қоқыс үйіндісі жойылды
Жамбыл облысында жыл басынан бері қоғамдық орындарда абаттандыру қағидасын бұзғандарға 19 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Сонымен қатар, құрылыс қалдықтарын заңсыз тастаудың 12 мыңнан астам дерегі тіркелді. Ал 1233 адам қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, аймақта 417 жабайы қоқыс үйіндісі жойылды.
Айта кетейік, заң бұзушылықтар бейнебақылау камералары арқылы да тіркеліп жатыр. Сондықтан абаттандыру қағидасының жаңа талабына байланысты қоқысты тек арнайы орындарға тастау керек екені ескертілді.
«Биыл 3 мыңға жуық қоқыс шығардық. 13 стихиялық қоқыс орыны табылып, ол жерден қосымша 500 тоннадан аса бейберекет қоқыс шығарылды. 15 күннің ішінде Таза Қазақстан акциясы аясында 100-ден астам тұрғынға ескерту берілді, 10 жеке және заңды тұлғаға айппұл салынды», – деді Жібек жолы ауданы әкімінің орынбасары Диас Әжіман.
Оқи отырыңыз: Алматының таулы аймақтарында өрттің алдын алу шарасы күшейтілді