Жамбыл облысында арнайы жасақ қызметкері өз-өзіне қол салды

Almaty.tv
Almaty.tv

Бақилық болған қызметкер 1995 жылы туған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында арнайы жасақ қызметкері өз-өзіне қол салды, деп хабарлайды Аlmaty.tv  

Қайғылы жағдай Қордай аудандық полиция бөліміндегі казарма дәлізінде болған. Бақилық болған қызметкер 1995 жылы туған. Арнайы жасақта инспектор болып қызмет еткен. Қызметтік қарудан жарақат алған ол ауыр халде шұғыл орталық аудандық ауруханаға жеткізілген.

Өкінішке қарай, есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмды. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. 

«ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір жан-жақты, толық және объективті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша, бұл жайт қызметпен байланысты емес. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа деректер жарияланбайды», – деді Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Алматы жастары зорлық-зомбылыққа қарсы үн қатты

Новости партнеров