Жамбыл Жабаев -180: Алматыда оқушылар арасында дебат өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақ поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 180 жыл. 28 ақпан – ұлттық рухтың нышанына айналған халық ақынының туған күні. Ұлы тұлғаның туындыларын ұлықтау мақсатында Алматыдағы мектептердің бірінде кездесу кеші мен дебат өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Пікірталасқа тұздық болған тақырып – «Жамбыл Жабаев – халықтың үні ме, әлде өз дәуірінің ақыны ма?». Іс-шарада ақынның тікелей ұрпақтарының бірі Баймұрат Жамбылов оқушыларға атасынан қалған елеулі естелік айтты.

«Жамбыл атамыздың домбырасын ұстап жүрген ұрпағы бар. Халыққа қызмет етіп, әр жерде үлкен шараларда атамыздың ән-жырын айтып жүр. Жамбыл атамыз – халықтың мұң-мұқтажын айтып, шындықты айтқан адам. Бәрімізге сол қасиеті берілген,шыншылмыз. Атамыздың атына кір келтірмей жүруге тырысамыз», – деді  «Amanat» партиясы Наурызбай аудандық филиалының төрағасы Баймұрат Жамбылов.

Айта кетейік, пікірталасқа 30-дан аса оқушы қатысты. Бұл жиынның негізгі мақсаты – қатысушыларды жарыстыру емес, Жамбыл Жабаевтың ғасыр туындысына айналған өлеңдері мен өнегелі өмірін шәкірттердің бойына сіңіру. Қатысушылар ақынның бірнеше туындысын жатқа оқып, ұлы тұлғаға арнап шығарған өлеңдерін ортаға салды.

«Келешек шәкірт тарихымен бірге әдебиетін жалғастыра білсе, яғни ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын мұра боп қалса деген ізгі ниетіміз бар. Мүмкіндігінше жоғары сыныптың оқушылары алып отырмыз. Барлығы – дерлік қазақ әдебиетінен Жамбыл шығармаларын, атамыздың туындыларын жатқа оқып өсіп келе жатқан буын», – деді № 157 жалпы білім беретін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бақыт Өскенбаев.

Оқи отырыңыз:  Білім, ғылым, мәдениет пен инновациялар – жаңа Конституция жобасының негізгі өзегі

Новости партнеров