Адамды жүйелі түрде аңдып, қудалау қылмыстық іс болып табылатыны айтылды
«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы Алматы технологиялық колледжімен бірлесіп, студенттерге арналған сталкингтің зияны тақырыбында кездесу өткізді, - деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шараға Әуезов және Алатау аудандарының полиция қызметкерлері қатысып, сталкингтің алдын алу, құқықтық жауапкершілік және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
Адамды жүйелі түрде аңдып, қудалау қылмыстық іс болып табылатыны түсіндіріліп, мұндай деструктивті мінез-құлықтан қорғану бойынша заңнамалық кеңестер берілді.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған ақпаратпен танысты. Іс-шара жастар арасында заңдарды құрметтеу және құқықтық сананы дамытуға септігін тигізді.
Оқи отырыңыз: Алматыда қоғамдық тәртіпті бұзған жасөспірімдер анықталды