Жаңа Конституция қазақ тілінде түсінікті, нақты жазылған жаңа құжатқа айналды - Нартай Сәрсенғалиев

ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі
ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі

Оның айтуынша, бұл тәржіманы қалыпты құбылысқа айналдыру талайға сабақ болады  

Жаңалықтармен бөлісіңіз

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нартай Сәрсенғалиев Жаңа Конституцияның мазмұнына және тілдік ерекшелігіне тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жаңа Конституция мәтінінің бірден байқалатын басымдығы – оның қазақ тілінде тілге жеңіл жазылып, оңай оқылуы. Заң терминдері мен құқықтық құжаттардағы құрмалас сөйлемдер қабылдауға қиын дегенді естуші едік. Бірақ Жаңа Конституция сол қасаң қағидаларды жойып, қазақ тілінде түсінікті, нақты жазылған жаңа құжатқа айналды. Бұл тәржіманы қалыпты құбылысқа айналдыру талайға сабақ болады деген ойдамыз.

Жаңа Конституцияның мәтінімен танысқанда өзіміз Мәжіліс қабырғасында көтеріп жүрген тақырыптарды түгендедік. Ол – ғылым, ол – мәдениет, ол – инновация. Айналып келгенде, адам капиталына саяды. Шикізатты шетке сатып, шіреніп жүрген кезеңнің келмеске кеткені кеше.

Бүгінгі талап басқа. Басты капитал – адамның ақылы. Ғалымдарымызға лайықты жағдай жасай алмай, артынан ақылды бастар мен дарынды жастар шекара асып, шетелге кетіп, сан соғып отырғанымыз кеше ғана еді. Бүгін сол кемшілікті жоятын кезеңге келдік», – деді депутат.

Оқи отырыңыз: Ермұрат Бапи: Билік пен қоғамның ортақ ықыласы ғана бізді жасампаз болашаққа бастай алады

Новости партнеров