Жанарбек Әшімжанов: Отанның тыныштығы – қоғамның тұтастығы

ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі
ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі

Депутаттың айтуынша, этносаралық татулық – мемлекеттіліктің іргетасы

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жанарбек Әшімжанов Халық Кеңесі – Үкіметтің бағдарламаларына, заң жобаларының тұжырымдамаларына, аймақтық даму жоспарларына нақты ықпал ететін механизм екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv. 

«AMANAT» фракциясы Кеңестің ұсынымдарын заңнамалық деңгейде сүйемелдегенде ғана аталған ұйымның беделі биік, бәсекесі жоғары болады.

Республикамыздың басты капиталы – қоғамдық келісім. Ал этносаралық татулық – мемлекеттіліктің іргетасы. Халық Кеңесі этно-мәдени бірлестіктердің, азаматтық қоғам өкілдерінің, сарапшылардың басын қосатын алаң ретінде этносаралық қатынастардағы тәуекелдерді ерте анықтауға, жергілікті деңгейдегі түсініспеушіліктердің алдын алуға, ортақ қазақстандық бірегейлікті нығайтуға қызмет етеді», – деді депутат.

Оқи отырыңыз: Жаңа Конституция қазақ тілінде түсінікті, нақты жазылған жаңа құжатқа айналды - Нартай Сәрсенғалиев

Новости партнеров