Жаңа Конституция: мемлекет дамуының негізгі бағыттары айқындалды

Ақорда
Ақорда

Жоба мәтінінде Әділетті Қазақстан идеясы мен Заң мен Тәртіп қағидатын ұстануға ерекше назар аударылған 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа редакциясының жобасы жарияланды, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Құжаттың кіріспесінде біртұтас Қазақстан халқының байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайтуға, Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтастығын сақтауға және мемлекеттің унитарлық сипаты мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуге деген ұстанымы көрініс тапқан.

Жоба мәтінінде Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұстану, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтау, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты, этносаралық және конфессияаралық татулықты нығайту негізгі құндылықтар ретінде айқындалған.

Сонымен қатар мәдениет, білім, ғылым және инновацияны дамыту, табиғатты аялау, бейбітшілік пен барлық мемлекеттермен достық қарым-қатынасты қолдау, сондай-ақ келешек ұрпақ алдындағы жоғары жауапкершілік Конституцияның басты қағидаттарының бірі ретінде көрсетілген.

Жобаға сәйкес Конституция 11 бөлімнен тұрады.

Бөлімдері

I бөлім. Конституциялық құрылыс негіздері

II бөлім. Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер

III бөлім. Президент

IV бөлім. Құрылтай

V бөлім. Үкімет

VI бөлім. Қазақстан Халық Кеңесі

VII бөлім. Конституциялық Сот

VIII бөлім. Сот төрелігі. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері

IX бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

X бөлім. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

XI бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

Оқи отырыңыз: Президент журналистер қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады