Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері мен жастардың рөлі талқыланды

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Сараптамалық кездесу «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақмола облысының Қосшы қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы және кешенді реформалар» тақырыбында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының сараптамалық кездесуі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиынға ҚР Парламенті депутаттары, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері, ғылыми-зерттеу институттары, Қосшы қаласы әкімдігі, жастар ресурстық орталықтары, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, волонтерлер мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Кездесу барысында депутаттар, зерттеу институттарының басшылары, заңгерлер жастармен пікір алмасып, конституциялық өзгерістердің мазмұны мен елдің ұзақмерзімді дамуы үшін маңызы туралы айтылды.

Жиын жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талдауға, мемлекеттің неғұрлым әділ, құқықтық және адамдарға бағдарланған моделіне көшуді көрсететін жүйелі реформаларды талқылауға, сондай-ақ шешімдер қабылдау үдерістеріндегі және қоғамдық диалог институттарын дамытудағы жастардың рөлін талқылауға бағытталды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның Азаматтық альянсы конституциялық реформаны қолдады

Новости партнеров