Жаңа жыл қарсаңында қосымша қандай пойыздар жүретіні белгілі болды

Almaty.tv
Almaty.tv

Бұл рейстер шамамен 23 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мереке кезінде сұраныс артқандықтан бірнеше бағытта қосымша пойыздар жүреді, деп хабарлайды, Almaty.tv.

Жаңа жылдық маусымда жолаушылар ағыны айтарлықтай өсетінін ескере отырып, Ұлттық тасымалдаушы сұранысты толық қанағаттандыру мақсатында қосымша пойыздарды іске қосып жатыр.  Бұл рейстер шамамен 23 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді. Жалпы жолаушыларға 53 мыңнан астам орын ұсынылады.

Қосымша пойыздар келесі бағыттарда қатынайды:

  • • № 201/202 «Алматы-2 — Астана-1»

Алматыдан жөнелтілуі: 2025 жылғы 20, 22, 24, 26, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 2, 4 қаңтар. 

Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылғы 21, 23, 25, 27, 29, 31 желтоқсан және 2026 жылғы 3, 5 қаңтар. 

  • • № 203/204 «Астана Нұрлы жол — Шымкент»

Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылғы 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2026 жылғы 2 қаңтар.

Шымкенттен жөнелтілуі: 2025 жылғы 22, 25, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 4 қаңтар.

  • • № 257/258 «Ақтөбе — Астана Нұрлы жол»

Ақтөбеден жөнелтілуі: 2025 жылғы 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2026 жылғы 2 қаңтар.

Астанадан жөнелтілуі: 2025 жылғы 22, 24, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 4 қаңтар.

"Пойыз құрамында стандартты купе және плацкарт вагондары бар. Сонымен қатар, сұранысы жоғары бағыттарда пойыз құрамдарына 584 қосымша вагон тіркеледі. Осы арқылы жолаушыларға 30 мыңнан астам қосымша орын қолжетімді болады. Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан сатып алуға болады", — делінген компания таратқан ақпаратта.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларға жаңа жыл қарсаңындағы билеттердің тез сатылып кететінін ескеріп, сапарларын алдын ала жоспарлап, билеттерді ертерек алуға кеңес береді. Егер сатып алу сәтінде бос орындар болмаса, жолаушылар «Күту парағы» қызметің тегін пайдалана алады. Бұл сервис орын босаған жағдайда автоматты түрде хабарлап, билетті рәсімдеуге мүмкіндік береді. 

Дереккөз: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз: Қытайға теміржол экспорты 11 пайызға өсті

Новости партнеров