Бұл өзгеріс 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджетте қарастырылған
Жаңа жылдан бастап елімізде ең төменгі зейнетақы мөлшері 10 пайызға ұлғаяды. Осылайша, қазіргі 62 мың теңге 69 мыңға дейін өседі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл өзгеріс 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджетте қарастырылған. Сонымен қатар базалық зейнетақы төлемі де артып, 32 мыңнан 35 мың теңгеге жетеді. Бұдан бөлек, ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 мың теңгеге көтеріледі. Бұл көрсеткіштің өсуі асыраушысын жоғалту және еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайлары бойынша төленетін жәрдемақылардың көлеміне де тікелей әсер етеді. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалары бар ата-аналарға және бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын азаматтарға берілетін төлемдер де көбейеді.
Оқи отырыңыз: Өркендеу жолы: Алматыда Армат Бектастың жеке көрмесі өтті