Жаңа жылдық дастарханға қандай тағам қоюға болмайды

Нутрициолог майонез қосылатын, асқазанға ауыр тағамдарды мүмкіндігінше тұтынбауға кеңес береді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін әлем халқы күткен жаңа 2026 жыл кіреді. Отбасылық мейрамға қазақстандықтардың дайындығы қызу. Жұрт мерекелік дастархан жайып, мәре-сәре болатыны анық. Дастарханға басты тағамнан бөлек, салаттың түр-түрі дайындалып, тәттілер мен сусындар қойылады.

Almaty.tv тілішісі  диетологтардан кеңес сұрады.

Алматылықтар Жаңа жыл мерекесіне дайындықты бір апта бұрын бастап кетіпті. Тұрғындар «қаладағы супермаркеттер мен базарлардан керегін молынан алып, дастархан үстін жайнатып қоямыз» дейді.  Өйткені бұл түні келетін қонақ та көп. Дені дәстүрге айналған оливье, манты сияқты ас әзірлейді.

«Әдеттегідей салат түрлері, мандарин, бешбармақ, бауырсақ и тағы басқа тағамдар пісіреміз. Жылда салатты ауыстырамыз», – деді қала тұрғыны.

«Балалардың сүйсініп жейтін манты жасаймыз», – деді ұала тұрғыны.

«Жылы бауырсағымызды пісіріп, салатымызды жасап, етімізді асамыз», – деді қала тұрғыны.

Ал нутрициолог майонез қосылатын, асқазанға ауыр тағамдарды мүмкіндігінше тұтынбауға кеңес береді. Сондай ақ алкогольдік ішімдікті газдалған тәтті сусынмен араластырмаған жөн. Сондықтан диетолог «көбірек таза су ішкен дұрыс» дейді. Ал мерекеден кейін біраз уақыт аш жүруге кеңес береді.

«Әркімнің таңдауы бар, бірақ мен дәрігер нутрициолог ретінде айтар кеңесім, майлы, қуырылған тағамдардан, майонез қосылған салаттардың орынына көк шөптерден жасалынған салаттар, тәтті газдалған сусындардың орынына лимон қосылған су, компот, морстарды қолдануға кеңес беремін. Пісірілген балық немесе бұқтырылған етпен жемістермен, көкөністермен алмастыруға болады», – деді дәрігер нутрициолог Зарина Кенжекова.

Айта кету керек, 2026 жыл – жылқы жылы. Халық арасында дәл осы жыл иесіне қатысты тағамды мерекелік дастарханға қоюға болмайды деген наным-сенім бар. Сол себепті қазы-қарта, жал-жая сияқты ас түрін шектеу ұсынылады. Алайда бұл тыйым емес, Қамбар ата түлігіне құрмет.

Диана Тұрлыбек, Рашиддин Якупов

Оқи отырыңыз: Жаңа жылда мерекелік дастарханға қанша ақша жұмсалады

Новости партнеров