Олардың бірі – АҚШ, екіншісі – Украина елінің азаматы
Қазақстанда заңсыз казино қызметін ұйымдастырды деген күдікпен екі адамға халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олардың бірі – АҚШ, екіншісі – Украина елінің азаматы. Сот бұл тұлғаларға сырттай «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдаған. Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдіктілер «PIN-UP» және «PINCO» брендтерімен белгілі онлайн-казино жұмысын шетел аумағынан жүргізіп, өзара байланысы бар компаниялар желісі арқылы басқарған.
«Д.Дружинскы мен М.Левкович координаторлық функцияларды атқарып, сыбайластарды іріктеумен, төлем ұйымдары мен екінші деңгейлі банктер өкілдерімен өзара әрекеттесумен, сондай-ақ ақша қабылдау мен шығару процесін қамтамасыз еткен төлем инфрақұрылымын құру және оның жұмыс істеуіне қатысқан. Онлайн-казино клиенттерінен түскен қаражат транзиттік шоттарда жинақталып, кейін электрондық ақша операцияларына лицензиясы бар байланысы компаниялар арқылы криптовалютаға айырбасталған, – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.
Оқи отырыңыз: Алматыда жүк көлігі ер адамды қағып кетті