Жантүршігерлік жол апаты: Қызылордада 3 адам қаза тауып, бір азамат жарақат алды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылордада жеңіл автокөліктердің соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тауып, тағы бір азамат түрлі жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қайғылы оқиға «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» күре жолының Қармақшы ауданы маңында болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Chevrolet» автокөлігінің жүргізушісі басқаруды меңгере алмай, қарсы бағыттағы жолаққа шығып «Lexus» маркалы көлікке соққан. Қазіргі оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүруде.

«Екі автокөлік соқтығысып, салдарынан үш адам қаза болып, бір адам түрлі дене жарақатын алды. Барлық жүргізушілерге ескертетініміз республикалық маңызы бар тас жолдарға шығар алдында метереологиялық жағдайды ескере отырып, жылдамдықты асырмауға, ара қашықтықты сақтауға кеңес береміз», – деді облыстық ПД әкімшілік Полиция басқармасының бастығы Мұратбек Манатов.

Оқи отырыңыз: Балтамен сыныптастарын жарақаттан оқушының ата-анасына айыппұл салынды

Новости партнеров