Жас мамандарға бағыт-бағдар: Алматыда «Көшбасшы мектеп» моделі таныстырылды

Семинарда теориядан гөрі нақты тәжірибеге басымдық берілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Көшбасшы мектеп моделін қалыптастыру тәжірибесі: мектеп жобаларын басқару».  Алматыда осындай тақырыпта білім сапасын арттыруға арналған аудандық семинар өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

№196 мектептегі жиынға оқу ошақтарының орынбасарлары, әдіскерлер мен жас мамандар қатысып, білім беру жүйесіндегі тиімді басқару тетігін талқылады. Кездесу барысында KPI жүйесін қолдану, мектептің даму стратегиясын құру, мұғалім көшбасшылығын дамыту және жобалық жұмысты жүйелеу тәсілдері ұсынылды. Сондай-ақ қатысушылар «Мұғалім – оқушы» жобасы, әлеуметтік бастамалар, заманауи сабақ формалары мен бағалау жүйелері бойынша практикалық кейстермен танысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кәсіби алаңдар білім ошақтары арасындағы тәжірибе алмасуды күшейтіп, педагогтердің кәсіби дамуына серпін береді.

«Оқушының да, мұғалімнің де жұмысқа деген бәсекелестігі, мотивациясы артты. Ал оқушы мен сынып жетекшінің KPI-ын пилоттық жоба ретінде ұсындық. Ол пилоттық жоба ретінде тек келесі жылы мектеп бойынша барлық оқушы мен мұғалім арасында жүргізіледі. Ал биыл пән мұғалімі KPI жүйесі бойынша 6 бағытта жұмысын көрсетті», – деді № 196 жалпы білім беретін мектептің директоры Бәтен Рүстенбекқызы.¤

Семинарда теориядан гөрі нақты тәжірибеге басымдық берілді. Сонымен қатар мұғалімнің кәсіби құзыретін күшейтуге, жас мамандарға қолдау көрсетуге және оқушы, ата-ана, педагог арасындағы байланысты нығайтуға назар аударылды. Мамандардың пікірінше, «Көшбасшы мектеп» моделі білім беру ұйымын жаңаша басқару мәдениетін қалыптастырып, командалық жұмысты жүйелеуге мүмкіндік береді. Мектеп ұжымы алдағы уақытта да инновациялық бастамаларды жүзеге асыру жұмыстарын жалғастырмақ.

«Бізде жас мамандарға KPI жүйесі өте тиімді болып табылады. Себебі бұл жүйе нақты нәтиже көрсеткіші болғандықтан жас маман жаңа мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап жүйелі жұмыс жасауға үйренеді», – деді № 196 жалпы білім беретін мектеп директорының орынбасары Айжан Серікхалиқызы.

Оқи отырыңыз: Жұлдызды сәт: Алматыда жас таланттар өнер көрсетті

Новости партнеров