Жасанды интеллект дәуірі: колледж түлектерінен қандай дағдылар талап етіледі

Жасанды интеллект дәуірі: колледж түлектерінен қандай дағдылар талап етіледі

Алматыда 14 өңірдің колледж өкілдері мен кәсіпкерлері бас қосты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Экономикалық мамандықтарды еңбек нарығының жаңа талаптарына сай қайта құру. Алматыда 14 өңірдің колледж өкілдері мен кәсіпкерлері бас қосқан республикалық семинардың мақсаты – осы. Бүгінде еліміздің жалпы ішкі өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызға жетсе, инвестициядағы үлесі 70 процентке жуықтаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мемлекет басшысы Жолдауда кәсіпкерлікті дамытуға басымдық бергендіктен,  бухгалтер, маркетолог пен менеджерлерден тек теориялық білім емес, цифрлық және басқарушылық дағдылар талап етіледі. Жиында білім саласының өкілдері мен жұмыс берушілер жасанды интеллект дәуірінде сұранысқа ие білікті маман даярлаудың жаңа жолдарын сараптады.

«Қазақстан экономикасының болашағы үшін білікті мамандар даярлаймыз. Басты мақсатымыз – түлектеріміздің еңбек нарығында сұранысқа ие болып, жоғары жалақы төленетін жұмыс орындарына орналасуына мүмкіндік жасау. Ол үшін студенттерге заман талабына сай сапалы кәсіби білім беруіміз қажет», – деді Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің директоры Айнұр Мұқажанова.

«Республикамыздың барлық колледжі мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын жаңартып отырады. Сондықтан бұл семинар – бір жағынан әріптестерге әдістемелік көмек. Сондықтан білім беру бағдарламалары талаптарға сәйкес келеді», – деді Алматы мемлекеттік бизнес колледжі директорының орынбасары Жанат Нұрқасова.

Оқи отырыңыз: Алматыда пластик қалдықтарынан жиһаз жасалады