Зауыт қабылдамайды: диқандар қант қызылшасын қайда өткізерін білмей дал

23.09.2024 20:45

Жамбыл облысында өнім көлемі 600 мың тоннадан аспақ

Almaty.tv

Жамбыл облысының диқандары қант қызылшасын қайда өткізерін білмей дал. Себебі биыл аймақта тәтті түбір рекордтық көлемде жиналып жатыр. Өнім 600 мың тоннадан аспақ. Ал өңірдегі қант зауыты оның бәрін қабылдай алмайды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл – Меркі қант зауытына өнімін өткізу үшін кезекте тұрған шаруалар. Жылда гектарынан 300-350 центнер өнім алатын диқандар биыл 3 есеге көп дақыл жинап жатқанын айтты. Биыл егілген 11 мың гектардың түсімі 600 мың тоннадан аспақ. Алайда аймақтағы Меркі қант зауыты өнімді өңдеп үлгере алмай жатыр.

Ауданға 400 тонна лимит берді, 1 500 га  қант қызылшасы егілген. Зауыт қабылдайды. Бүл мәселе көмтемде айтылған, – деді шаруа Ерболат Саурықов

Аймақта екі қант зауыты болғанымен, тек Меркідегі кәсіпорын ғана тәтті түбір өңдейді. Биыл өнімнің мол болуына байланысты мекеме жұмысын 1 ай ерте бастапты. Бірақ бар қызылшаны өңдеуге қауһары жетпейді. Дегенмен зауыт мемлекеттен 10 миллиард теңгеге жуық жеңілдетілген несие алып, қондырғыларын жаңартқан. Соның арқасында қуаттылығын екі есеге арттырмақ.

Биыл зауыт ертерек зауыт ашылды. Қызылша көп. Былтыр тәулігіне 2 мың тонна қабылдадық, автоматтандырылып, өғдейтін қант көлемі ұлғайды, – деді «Меркі қант зауыты» ЖШС бас директоры Нұржан Қарғабаев

Жауапты басқарма мамандары өнімнің рекордтық деңгейде шыққанын растап отыр. Мәселені шешу үшін өнімді алқап басынан Талдықорғандағы зауытқа жібермек.

«Меркі қант заутының» қуаттылығы 200 мың тонна. Бірақ Ауыл шаруашығы министрінің келгенде, мөлшерін 450 мың тоннаға ұлғайтуға пәрмен берді.  Ал қалған қант қызылшасын Жетісу облысындағы «Ақсу қант зауытына» тасымалдау жоспарланып отыр. Ол жаққа баратын шаруалардың тізімі анықталған. Сондай-ақ Қырғыз еліне де жөнелту қарастылып жатыр, – деді облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы бөлімінің бас маманы Нұрдаулет Лесбек.

Мамандар шаруаларға жылдағыдай қант қызылшасының әр келісіне 25 теңге субсидия берілетінін мәлімдеді. Ал өнімін «Ақсу қант зауытына» өткізетіндер үшін 1 килограмына 45 теңге беріледі. Бұл қаражат диқандардың жол шығынын ақтайды. 

Нұрғиса Қаржаубай, Мейіржан Бейсебай, Жамбыл облысы

Оқи отырыңыз: Талдықорғанда бір топ азамат құрылыс компаниясының үстінен қылмыстық іс қозғауды талап етті