Алаяқ зейнет жасындағы адамдардан 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақша алған
Астанада зейнетақыға қатысты заңсыз схема әшкере болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2024 жылы елорда тұрғыны WhatsApp қосымшасында жалған хабарлама жариялаған. Ол азаматтардың назарын аударып, зейнетақы жинағы жеткілікті шегіне жетпегендерге БЖЗҚ-дан қаражат алу қызметін ұсынған.
"Алаяқ зейнет жасындағы адамдардан 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақша алған. Жалпы 17 қылмыс жасап, жалпы сомасы 3 млн теңгеден асатын қаражатты иемденген", - деп жазылған хабарламада.
Сотта күдікті кінәсін мойындап, жәбірленушілерге залалды толық өтеген. Ол сот үкімімен сотталды.
Оқи отырыңыз: Елімізде 2 млн-нан астам ауыл тұрғыны сапалы интернетпен қамтылады