Жеке сот орындаушыларының жұмысын бақылайтын ақпараттық жүйе іске қосылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Елімізде жеке сот орындаушыларының заңсыз әрекеттері автоматты түрде анықталады. Енді арнайы ақпараттық жүйе олардың жұмысын жіті бақылап, заң талаптарының сақталуын қадағалайды. Бұл туралы депутаттардың сауалына жауап берген Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Үкімет басшысының айтуынша, қызметінде кемшілікке жол берген сот орындаушыларына оны түзету жөнінде талап қойылады.
Ал ескертуді елемегендердің лицензиясы уақытша тоқтатылады. Бұдан бөлек, 2027 жылдан бастап жеке сот орындаушылары үш жыл сайын біліктілігін дәлелдеуге міндеттеледі.
Сынақтан екі мәрте өте алмаған немесе себепсіз келмеген мамандар қызмет ету құқығынан айырылады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда алимент төлеуден жалтарғандарға жаза қатаңдауы мүмкін
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40