Жеңгетайлық жасады деген күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды

Ол тергеу изоляторына қамалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жеңгетайлық жасаған күдікті Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды. Бас прокуратура мәліметінше, Өзбекстан азаматы трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жезөкшелік қызметтерді жарнамалап, одан түскен қаражаттан комиссия алып отырған, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі.

Тергеу мәліметінше, күдікті сайт арқылы сексуалдық қызмет көрсететін тұлғалардың сауалнамаларын ілгерілетуге қатысқан. Оған тағылған айып бойынша мүлкін тәркілеумен қатар, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. 

«Қазіргі таңда ұйымдасқан қылмыстық топтың бірқатар мүшесі әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған. Ал оның жекелеген мүшелері, оның ішінде күдікті де қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. Биыл шілдеде ол Грузия аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға берілді. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды», – деді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Ерлан Жанпейісов.

Оқи отырыңыз: «Самұрық-Қазына» мен «ҚТЖ» басшылары ұсталды