Референдумға дейін:
7
күн
3
сағат
7
минут

Жеңілдетілген салық режимін таңдап үлгермеген кәсіпкерлер не істеуі керек

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жүз мың кәсіпкер жеңілдетілген салық режимінде қалу үшін қажетті құжаттарды уақытында рәсімдеп үлгермеген. Ережеге сәйкес, олар 1 наурызға дейін уәкілетті органдарға арнайы хабарлама жіберіп, мәртебесін растауы керек еді. Алайда талап орындалмағандықтан, мұндай кәсіпкерлер автоматты түрде жалпыға ортақ салық режиміне ауыстырылды. Ал бұл жүйеде салық жүктемесі жоғары, кей жағдайда қосылған құн салығын төлеу міндеті туындайды және кіріс-шығыс есебін қатаң жүргізу талап етіледі.

Жеңілдетілген салық режиміне ауысып үлгермеген кәсіпкерлерге қайтпек керек?

Осы және өзге сұрақтараға «Алматы» телеарнасының студия қонағы Мемлекеттік кірістер комитеті басқармасының басшысы  Ерқанат Шыңберген жауап береді.

– Ерқанат мырза, 1 наурыздан бастап қанша кәсіпкер жалпыға бірдей салық режиміне көшірілді? Қанша кәсіпкер ауыспады?

«Биыл 1 қаңтардан бастап Жаңа салық кодексі күшіне енді. Салық кодексі аясында 2 ай мерзімінде өтпелі кезең болды. Яғни, қаңтар, ақпан айында салық төлеушілер  тиісті режимді қолдану туралы хабарлама беруі керек. Осы өтпелі кезең аяқталды. Сәйкесінше, әрбір кәсіпкер тиісті режимді қабылдау бойынша шаралар, яғни әрекеттер жасады. Оңайтылған декларация негіздік режим бойынша  1 миллион 200 мың салық төлеушіге тиісті хабарлама жіберілді. Олар бұл режимді қолдана алады. Бірақ 2кі ай ішінде үлгермеген салық төлеушілер бар. Олардың саны 200 мыңнан асады. Енді олар 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей білегіленген режимге өтеді. Алайда кейінгі кезеңде, яғни хабарлама берген күннен бастап, оңайтылған декларация негіздік режимге өтуге мүмкіндік бар. Сол себепті егер салық төлеуші үлгермеген болса, мүмкіндік әлі де бар. Алайда декларация толтыруы керек. Яғни, осы кезең үшін салықтық міндеттемелерді орындау қажет». 

– Жалпыға бірдей салық режиміне ауыспаған кәсіпкерлерге айыппұл немесе өзге де жаза қарастырылған ба?

«Жоқ, ешқанда айыппұл шаралары қарастырылмаған. Тек қана осы айтып кеткендей 2 ай мерзімі бойынша тиісті салықтық міндеттемелерді жалпыға бірдей режимді орындау қажет. Яғни, айтып кеткен 100-форма заңды тұлғаларға немесе 220-форма бойынша жеке кәсіпкерлерге тиісінші декларация осы жылдың қортындысы бойынша осы екі ай үшін тиісті есептеп салықтарды тиісінше төлеу қажет. Алайда ешқандай айыппұл қарастырылмаған».

– Ал жалпыға бірдей салық режиміне ауыспаған кәсіпкерлер қандай әрекет жасауы тиіс?

«Жаңа айтып кеткендей, 200 мыңнан астам салық төлеуші жалпыға бірдей тәртіпке өтті. Ол салық төлеушілер жаңа айтып кеткендей, егерде салықтық міндеттемелерді орындау барысында тиісті формаларды жалпыға бірдей тәртіп бойынша орындауы қажет. Алайда 200 мың салық төлеуші қазіргі таңда қызметін тоқтатып тұр, яғни ешқандай декларация тапсырып жатқан жоқ декларацияларды нөлдік көрсеткішпен көрсетіп жатыр. Егер бұл салық төлеушілер келешекте жұмысын жалғастыратын болса, жеке кәсіпкер ретінде, тиісінше жалпыға белгіленген режим бойынша салықтық міндеттеме орындауы қажет.Ал егер оңайтылған декларация негізіндегі режимге көшуге ниеті болса,  тиісінше хабарлама беруі қажет. Қазір 2 ай ішінде 1 қаңтардан бастап ауыстырылса, наурыз айынан бастап тек хабарлама берген күннен бастап ауысады. Яғни, екі ай жалпыға бірдей белгіленген режимде қалады».

Оқи отырыңыз: Елордада ардагерлер Жаңа Конституция жобасын талқылады

Новости партнеров