Референдумға дейін:
25
күн
7
сағат
51
минут

Жертөле суға толды: Петропавл қаласының тұрғындары жағымсыз иіске тұншығып отыр

Қаншама адамның сорына айналған нысанның қожайыны жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавл қаласының тұрғындары жағымсыз иіске тұншығып отыр. Бес қабатты пәтердің жертөлесіне бірнеше жылдан бері су мен кәріз қалдықтары жиналып қалған. Қолқаны қапқан иіс бүкіл баспанаға тарап, қабырғаларды зең басып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көп қабатты тұрғын үй иелері бірнеше жылдан бері күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылып, төтенше жағдай режимінде отыр. 39 шаңырақтың иесі күн сайын жағымсыз иіске тұншығады. Тұрғындар қалтасынан қаражат қиып, арнайы сорғылар сатып алып, ассенизаторларды жалдаған. Бірақ жертөле суға толуын тоқтатар емес. Ал аумақ түрлі жәндік пен егеуқұйрықтардың тұрақты мекеніне айналған көрінеді.

«Іргетас ерте ме, кеш пе бұзыла бастайды, соңы үйдің құлауына әкелуі мүмкін. Сондықтан әкімдік тарапынан көмек көрсетілсе дейміз. Оның үстіне суға жақын жерде электр жүйесі орналасқан. Өрт шығу қаупі де бар», – деді қала тұрғыны Сергей Филин.

«Осымен бесінші сорғы күйіп кетті. Барлығын өз ақшамызға аламыз. Жолдасым үнемі толған суды тазалаумен әлек. Үй теңселіп тұрғандай сезіледі. Үйдің қирап бітуіне аз қалды. Одан қалса, шыбын, тышқан, егеуқұйрық, тіпті жарқанаттар да өріп жүреді», – деді қала тұрғыны Тамара Селянина.

Қаншама адамның сорына айналған нысанның қожайыны жоқ болып шықты. Ал құзырлы органдар мәселені бір-біріне сілтей салады екен. Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері жарылыстан қорғайтын пананы есепке алынатынын жеткізді. Десе де мәселені меншік иесі шешуі керек деп түсіндірді. Алдағы уақытта нысанды тұрғындардың иелігіне немесе қала балансына өткізу жоспарланып отыр.

 «Ертең суды соруға арнайы техника жіберіледі. Жаңа кәріз жүйесіндегі пластик құбырлар бұрынғы шойын құбырлардан жоғары деңгейде орнатылған. Төменгі бөлікте лай жиналып, сол арқылы су қайтадан жайылуы мүмкін. Төменгі қабаттағы лай толық тазартылуы тиіс. Ал ескі жүйені бітеп, бекіту жұмыстарын тұрғындар өздері жасауына тура келеді», – деді Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Тимур Жұманов

Қанша жылдан бері назарға ілікпеген мәселенің нақты қай күні шешілері әзірге белгісіз. Шенеуніктер қараусыз қалған стратегиялық нысанға кім жауапты екенін анықтайтын болады.

Айдана Шалқар, Петр Акутионов, СҚО-дан

Оқи отырыңыз: Қызылордада танысының қыр соңынан қалмаған жігіт түрмеге қамалды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров