Атырауда 61 жастағы аңшының мүрдесі табылды

Almaty.tv
Almaty.tv

Сақшылар мен құтқарушылар ер адамның денесін қамыс арасынан тауыпты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда ұшты-күйлі жоғалған 61 жастағы аңшының мүрдесі табылды. Бұл ақпаратты Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сақшылар мен құтқарушылар ер адамның денесін қамыс арасынан тауыпты. Қазір тиісті тексеру амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге салсақ, 1964 жылы туған ер адам 14 желтоқсанда үш досымен аңшылыққа кетіп содан оралмаған. Іздеу-құтқару жұмыстарына еріктілер де көмекке келіп, мамандар барлық орынды және далалық аумақты түгел шолып, әуеден барлау жасаған болатын.

Айта кетейік, жақында ғана зейнетке шыққан Өтебай Сабиров ірі компанияда оператор болып жұмыс істеген. Оның екі баласы бар.

«Жылыой ауданында жоғалған 1964 жылы туған ер адамның мүрдесі қамыс арасынан табылды. Айта кетейік, аталған ер адамға 15 желтоқсаннан бастап іздеу жарияланған. Қазіргі таңда тиісті тексеру амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жарияланбайды», – деді Атырау облысы ПД Ақпараттық саясат бөлімінің аға инспекторы Дина Мақсотова.

 Атырау облысында жолдастарымен бірге аңға шыққан ер адам жоғалып кеткенін еске салайық

Новости партнеров