Жалған нөмірмен жүрген тұрғын көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін

09.10.2024 12:28

Құқық бұзушының көлігі арнайы тұраққа қойылды

elements.envato.com

Абай облысында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлікті басқарған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Абай облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар автокөлікті анықтады. Бақылау камераларын қадағалау барысында құқық бұзушылық тіркелген. Оперативтік іс-шаралар нәтижесінде облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны ұсталды. Аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Бұл бапта жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлік құралын басқарғаны, сондай-ақ нөмірлерді анықтауға кедергі келтіретін немесе нөмірді өзгертетін құрылғылар мен материалдарды пайдаланғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Құқық бұзушыға 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін. Құқық бұзушының көлігі арнайы тұраққа қойылды.

Оқи отырыңыз: Қай өңірде жыл басынан бері 200-ден аса жол-көлік оқиғасында балалар болған