Қазір оқушы қыз анасымен бірге қауіпсіз жерге көшірілген
Жамбыл облысында екі ағайынды жігіт өз қарындасын жылдар бойы зорлап келген. Олар 13 жастағы қызға алты жыл бойы жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен екен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жасөспірім қыз үйде көрген зәбірді мектеп психологына айтуға тырысқан. Бірақ оның сөзін ешкім елемеген көрінеді. Бұл туралы еліміздің Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева мәлімдеді.
Қазір қорлық көрдім деген оқушы қыз анасымен бірге қауіпсіз жерге көшірілген.
Аталған жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылып, мектепте тексеріс жүріп жатыр.
Бұл дерекке қатысты қылмыстық іс те тіркелген. Ал дерек расталса, күдіктілер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Тергеу барысында қылмысты жасаған екі күдікті анықталды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бір күдіктіні ұстап, қамауға алды. Екінші күдіктіге қатысты іздеу жарияланып, ұстау іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды», - деді Полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында жоғалып кеткен жас жігіттің денесі табылды