Жамбыл облысында оқушыны зорлаған 3 күдікті ұсталды

Анасының сөзінше, көрші тұратын жеткіншектер қызға бірнеше рет зорлық көрсетіп, оны видеоға түсірген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған 3 жігіт қыз баланы топтасып зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty.tv.

12 жастағы оқушы зардап шеккен. Анасының сөзінше, көрші тұратын жеткіншектер қызға бірнеше рет зорлық көрсетіп, оны видеоға түсірген. Полиция департаменті аталған фактіге қатысты тергеуді аяқтады. Қылмыстық іс прокуратураға, ары қарай сотқа жіберіледі.

Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі:        

«Аталмыш фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі «Кәмелетке толмағанға қатысты бір топ адам жасаған зорлау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысында үш жасөспірім күдікті анықталып, ұсталды. Олардың екеуіне қатысты сот үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын, ал үшіншісіне жеке кепілдікті таңдады».

Оқи отырыңыз: Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді 

Новости партнеров