Жамбыл облысындағы жолдағы ақаулар үшін мердігер айыппұл төлейді

Towfiqu barbhuiya/unsplash.com/
Towfiqu barbhuiya/unsplash.com/

2024 жылдың ақпан айында мемлекеттік автоинспекция қызметкерлері жолдан 22 кемшілік анықтаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Республикалық маңызы бар Меркі – Шу – Бурылбайтал автожолындағы ақауларды жоймағаны үшін компанияға 1,9 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шу аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, республикалық маңызы бар Меркі — Шу — Бурылбайтал автожолындағы ақауларды жоймағаны үшін компанияға 1,9 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

2024 жылдың ақпан айында мемлекеттік автоинспекция қызметкерлері жолдан 22 кемшілік анықтаған. Сәуір айында мердігер ұйымға бұл ақауларды 2025 жылдың мамырына дейін жою жөнінде нұсқама берілген. Алайда компания бұл талапты орындамай, елемеген.

"Компания өкілдері сотта нұсқаманың кеш берілгенін, жол белгілерін орнату құны шамамен 30 миллион теңге екенін және қосалқы мердігер ұйымның қатысуы қажет екенін алға тартып, іс жүргізуді тоқтатуды сұрады", — делінген хабарламада.

Алайда заңнамаға сәйкес, қаржының жеткіліксіздігі немесе қосалқы мердігерлерді тарту ұйымды жауапкершіліктен босатпайды. Сот компанияны заңды нұсқаманы орындамағаны үшін кінәлі деп танып, оған 500 айлық есептік көрсеткіш (1,9 миллион теңге) көлемінде айыппұл салды. Дегенмен, компанияның лицензиясын тоқтату немесе оның кейбір қызмет түрлерін шектеу шаралары қолданылған жоқ.

Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз:  31 млн теңге жымқырған күдікті Ресейден экстрадицияланды

Новости партнеров