Сенат спикері маңызды өзгерістерді қоғаммен бірге ашық әрі жан-жақты талқылау керек екенін айтты
«Парламенттік реформа – Президенттің әділ және қуатты Қазақстан құру жолындағы байыпты бағдарының логикалық жалғасы. Сондықтан да демократиялық институттар мен тетіктерді күшейту қажет». Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның сөзінше, депутаттар Мемлекет басшысының Жолдауын Қазақстанды жаңғыртудың жол картасы ретінде қабылдайды. Сондай-ақ Сенат спикері қабылданатын заңдардың сапасы жоғары болуы үшін бір палаталы Парламентте тетіктер маханизмі болуы тиіс дейді. Мәулен Әшімбаев әр норма жіті тексеріліп, олқылықтарға жол берілмей, маңызды өзгерістерді қоғаммен бірге ашық әрі жан-жақты талқылау керек екенін айтты.
«Заңдардың сапасы өте маңызды мәселе. Салық немесе кодекс болсын өз пікірімізді айтып, Үкіметке қайтарып отырдық. Заңдардың сапасы жақсарту мақсатында сондай шешімге бардық. Жаңа Парламентте заңдардың жоғары сапасы қамтамасыз етілуі үшін бір тетік болуы керек», – деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Оқи отырыңыз: Бір аптаның ішінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады