Қайғылы оқиға қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан болған
2024 жылғы 14 қарашада Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері қайтыс болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
ҚР Құрлық әскерлерінің мәліметіне сүйенсек, 14 қарашада диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақтар өткізу барысында қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері алған жарақатынан қайтыс болды.
"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі",- деп мәлімдеді ведомство.
Оқи отырыңыз: Әскерден қашып жүргендерді көшеден ұстап әкетуге бола ма