Шерзат ісі бойынша аппеляциялық сот 18 тамызда өтеді
Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандардың бірі түрмеден шықты. Бұл туралы аталған процессте жәбірленуші тараптың мүддесін қорғаған заңгер Мейірман Шекеев айтты, деп хабарлйады Almaty.tv.
Нақтырақ айтсақ, ауыр қылмысты көре тұра, хабарламағаны үшін 1 жыл 6 айға жаза арқалаған Думан Ысқақ бостандыққа жіберілді.
«Думан Ысқақ бірінші сатыдағы сот үкімімен тағайындалған жазаны өтеп қойғандықтан, Алматы облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұсабекованың 2025 жылғы 23 шілдедегі сот қаулысымен бұлтартпау шарасы жойылып, ол қамаудан босатылды», – деді заңгер Мейірман Шекеев.
Естеріңізге сала кетейік, қоғамда үлкен резонанс тудырған қанды қылмыс былтыр 3 қазаннан 4 қазанға қараған түні Талғар қаласында болған. Дүкенде әкесіне көмектесіп жүрген 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапқан. Сот 5 маусымда 9 адамға үкім шығарды. Басты айыпталушы Азамат Шынасыл 23 жыл, Равиль Сакиев 20, ал Азамат Тоқтаубай 15 жыл жаза арқалады. Нұрқияс Ільясов 9 жылға сотталса, қалған төрт адам жеті жылдан бас босандығынан айырылған.
Ең аз жаза кәмелет жасына толмаған Думан Ысқаққа берілген еді. Шерзат ісі бойынша аппеляциялық сот 18 тамызда өтеді.
Оқи отырыңыз: Нан екі сағатта піспейді: маңғыстаулықтар электр қуатының әлсіздігіне шағым айтты