Жедел жәрдем көлігі апаты: ес-түссіз жатқан әйел адам көз жұмды
Фото видеодан алынды
Оқиғаның мән-жайы анықталып, қылмыстық іс қозғалды.
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Текеліде жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол апаты болып, ішіндегі науқас көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқыс оқиға кеше түнде болған. Жеңіл көлікпен соқтығысқан жедел жәрдем аударылып, зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізіліпті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпарынша, бір азаматқа алғашқы көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылған, ал тағы 3 адам хирургия бөлімшесінде ем алып жатыр. Науқастардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Ал жол апаты кезінде жедел жәрдем көлігінің ішінде ес-түссіз жатқан 87 жастағы әйел адам қаза болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып, қылмыстық іс қозғалды.
Оқи отырыңыз: Автобус апаты: зардап шеккен науқастардың жағдайы ауыр
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
19.10.2026 14:45