Жеңіс-80: прокурорлар соғыс ардагері Жанболат Әшербековпен кездесті

Соғыс ардагеріне Бас прокуратураның атынан арнайы «Заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медалі табысталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жеңіс күні қарсаңында Алматы қаласының прокуратурасы 99 жастағы ардагер, еңбек жолы өнегеге толы Жанболат Әшербековпен кездесіп, арнайы медаль табыстады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сұрапыл соғыс кезінде әскери салық жинау жұмыстарымен айналысып, 1944 жылы жауынгерлер қатарына қосылған. Отан алдындағы адал қызметі мен елге сіңірген еңбегі үшін батырға «Отан соғысының ардагері», «Германияны жеңгені үшін», «Мінсіз әскери қызмет», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медальдары табысталған.

«Жеңіске 80 жыл толады. Мадина екеуіміз жұмыс істедік. Прокуратурада 30-40, ал ҰҚК-да 50 жыл қызмет еттім. Қазір жасым 100-ге келді. Аман-есен болыңдар, айналайындар», – деді ҰОС ардагері Жанболат Әшербеков.

Кездесу барысында ардагер өмір жолы мен қызметтік тәжірибесі жайында кеңінен әңгімелеп, жас буынға өнеге болар естеліктерін бөлісті. Алматы қаласының прокуратурасы ардагердің ерен еңбегін ерекше құрметтейтінін атап өтіп, болашақ ұрпаққа үлгі етуді мақсат тұтатынындарын жеткізді. Кездесуде соғыс ардагеріне Бас прокуратураның атынан арнайы «Заңдылықты нығайтуға қосқан үлесі үшін» медалі табысталды.

«Мақтанышымыз, ардагеріміз Әшірбеков Жанболат Әлиакперұлының шаңырағына келіп отырмыз. Бас прокурордың атынан құттықтау хат табысталды. Сонымен қатар бас прокуратураның ардагерлер кеңесінен атынан медаль берілді», – деді Наурызбай ауданының прокуроры Марат Тойжан.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы әскерилерді марапаттады

 

 

Новости партнеров