Жетісу облысында мемлекеттен бөлінген қаржы құмар ойнына жұмсалып келген

Күдікті 2 жыл бойы жалған құжаттар арқылы субсидияларды ауыл шаруашылығы басқармасынан алып отырған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жетісу облысында серіктестік директоры мемлекеттен сүт өнімдеріне бөлінген қаржыны құмар ойынға жұмсаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күдікті 2 жыл бойы жалған құжаттар арқылы субсидияларды ауыл шаруашылығы басқармасынан алып отырған. Шығындарды растау үшін жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алғаны туралы және май өндіру бойынша жалған мәліметтер ұсыныпты. Келтірілген залал 300 миллион теңгеден асады. Сонымен қатар ол заңсыз алынған 110 миллион теңгені құмар ойындарға жұмсаған. Күдікті үйқамаққа алынып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Сот санкциясымен құны 348 миллион теңге болатын зауытқа тыйым салынды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үй қамаққа алу түрі қолданылды. Тергеу жалғасуда. Қазақстан Республикасының Қылмыстық процессуалды кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды», – деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Үржардағы қайғылы жағдай: ауруханадағы бір баланың жағдайы ауыр

Новости партнеров