Жетісуда департамент басшысы электр қуаты тарифін көтеру үшін пара алған
стоп кадр
Тергеу жалғасуда
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы 500 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы әшкереленді. Шенеунік 2025 жылға арналған электр энергиясының тарифі мен тарифтік сметасын көтергені үшін «Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы» АҚ басшысынан 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", — делінген Антикор таратқан ақпаратта.
Оқи отырыңыз: Жетісу облысында ер адам көшедегі итті аяусыз атып өлтірді
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33