Жол ережесін бұзған мопед жүргізушілеріне жаза қатаңдатылады

Enix/unsplash.com/
Enix/unsplash.com/

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ертеңнен бастап мопед жүргізушісі механикалық көлік құралдарының жүргізушілеріне жүктелген жауапкершіліктің барлық спектрін көтереді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты.

"Егер бұрын жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін мопед жүргізушілері Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 615-бабы бойынша 2 айлық есептік көрсеткіш айыппұлмен жол қозғалысына өзге де қатысушылар ретінде жауапкершілікке тартылса, 2025 жылғы 5 сәуірден бастап, мопед жүргізушісі механикалық көлік құралдарының жүргізушілеріне жүктелген жауапкершіліктің барлық спектрін көтеретін болады. Мысалы, бағдаршамның тыйым салу белгісіне өткені үшін мопед жүргізушісіне 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады", — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Сонымен қатар комитет басшысы мас күйде мопед жүргізетіндерге баса назар аударды.

"Қазір мопедті алкогольдік масаң күйде басқарғандарға Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-бабы бойынша қоғамдық орындарда масаң күйде болғаны үшін жауапты болады және 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу жазасы қолданылады. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608-бабы бойынша нормалар қабылданғаннан кейін мопед жүргізушісі алкогольдік масаң күйде көлік құралын жүргізгені үшін жауапты болады және санкция 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуды және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруды көздейді", — деді Қайсар Сұлтанбаев.

Комитет төрағасының атап өтуінше, мопедті жүргізу үшін А, А1 немесе В санатымен жүргізуші куәлігі қажет. Автокөлікті тіркеу қағидаларына қажетті түзетулер енгізілді. Бүгінгі күні 24 мыңға жуық мопед тіркеліп, 2 мыңнан астам А және А1 санатты жүргізуші куәлігі берілді.

Мопедтерді тіркеу үшін:

— жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсыну (электронды түрде болуы мүмкін), техникалық құжатты немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді ұсыну;

— өтінішті толтыру, мопедті қарап-тексеру және мопедті тіркегені үшін мемлекеттік баждарды төлеу (0,25 АЕК немесе 983 теңге), тіркеу туралы куәлік беру (1,25 АЕК немесе 4 915 теңге) және мемлекеттік нөмір (1,4 АЕК немесе 5 505 теңге) жеткілікті.

Оқи отырыңыз: Алматыда демалыс күндері жәрмеңке өтеді

 

Новости партнеров