Жұмысшы мамандықтары жылы: жазғы лагерде шеберлік сабағы өтіп жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv

Алматы құрылыс-техникалық колледжінің студенттері мен оқытушылары да қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласындағы мектептерде жазғы лагерь жұмысы басталғалы бері оқушыларға жұмысшы мамандықтарының қыр-сыры айтылып, шеберлік сабағы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шаһардағы білім ордаларының бірінде «Менің болашағым: жүз жол, бірі сенікі» атауымен іс-шара ұйымдастырылды. Оған Алматы құрылыс-техникалық колледжінің студенттері мен оқытушылары да қатысты. Ал жазғы демалысын қызықты еткісі келген ұл-қыздар маман иелерінен білмегенін сұрап, еңбекке құрметпен қарауды, мамандық таңдауда қателеспеу үшін не істеу керек екенін  үйренді.

«Кәсібін дұрыс таңдау – ұрпақтың келешекке нық қадам басуына үлкен мүмкіндік. Сондықтан үлкендер балаларға таңдау кезінде көмек көрсетуіміз керек», – деді Алматы құрылыс-техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Гүлсім Керімқұлова.

«Іс-шарада балалар білмеген мамандықтарымен танысады. Болашақта мамандық таңдауда дұрыс жол таңдайды деген ойдамын. Өйткені балам құрылысшы мамандығын ұнатып «болашақта үлкен ғимарат саламын. Құрылысшы мамандығын оқу керек екен» деп ойын айтып жатыр», – деді қала тұрғыны Ақбота Түсіп.

Оқи отырыңыз: Балаларға арналған цифрлық кәсіптер мен киберқауіпсіздік күні: Қазақстанда "Кибер Тұмар" акциясы өтеді

Новости партнеров