Жүрек еміндегі жаңа технология: қалалық кардиология орталығында шеберлік сағаты өтті

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы

Іс-шараға Қазақстанның түрлі өңірінен келген дәрігерлер қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қалалық кардиологиялық орталық (ҚКО) Қазақстан Республикасының аумағында инновацияларды енгізуді және жаңа аритмологиялық технологияларды дамытуға үлес қосуды жалғастыруда, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 8-9 маусымда ҚКО базасында жүректің өткізгіш жүйесіне электродтарды имплантациялау бойынша екінші оқыту шеберлік сағаты өтті. Іс-шара ҚКО интервенциялық аритмологы, доктор Абдымомунов Артур Қаныбекұлының жетекшілігімен, BIOTRONIK және MEDCO компанияларының қолдауымен өтті. Шеберлік сағатына Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген дәрігерлер қатысты.

Іс-шараның мақсаты дәстүрлі кардиостимуляцияға балама ретінде АҚШ пен Еуропаның озық клиникалық тәжірибесінде белсенді қолданылатын инновациялық технология — жүректің өткізгіш жүйесін (Conduction System Pacing, CSP) ынталандыру әдістемесін оқыту болды. CSP жүректің физиологиялық белсендірілуін қамтамасыз етеді және пациенттердің клиникалық нәтижелерін жақсартуға көмектеседі.

Екі күндік білім беру бағдарламасына мыналар кірді:

  • Әдістеменің негізгі принциптері мен техникалық ерекшеліктерін қамтитын теориялық бөлім;
  • Жүрек муляжында практикалық оқыту;
  • Екінші күні заманауи имплантацияланатын кардиостимуляторлармен және кардиовертер дефибрилляторларымен біріктірілген CSP имплантациясын қолдану арқылы жүргізілген төрт клиникалық процедура.

ҚКО Қазақстанда кардиологиялық көмектің сапасын арттыруға бағытталған кәсіптік оқыту бағдарламаларын іске асыруды және озық медициналық технологияларды енгізуді жалғастыруда.

Оқи отырыңыз: "Мас күйде көлік жүргізу — кісі өлтіруге ұмтылу": ІІМ жүргізушілер талабына жауап берді

Новости партнеров