Алматыда халықаралық конференция өтті
Елімізде жүрек трансплантациясы қарқынды дамып келеді. Халықаралық конференцияға қатысқан дәрігерлер осылай дейді. Іс-шараға АҚШ, Түркия, Швейцария және отандық кардиология және кардиохирургия саласындағы жетекші сарапшылар жиналған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар созылмалы жүрек жетіспеушілігін емдеу ісінде тәжірибе алмасып, пікір бөлісті. Ақ халаттылардың айтуынша, аталған дертке шалдыққандарды емдеу, оңалту оңай емес. Сондықтан алдын алу іс-шаралары қолға алынуы тиіс.
"Бұл өте маңызды іс-шара. Дәрігерлер осы алаңда тәжірибе алмасады. Жиын екінші рет ұйымдастырылып отыр, былтыр Шымкентте өткен. Елімізде қазір 400 мыңнан астам адам созылмалы жүрек жеткіліксіздігінен зардап шегіп отыр. Ал оны емдеу үшін тек терапевтік емес, хирургиялық көмек те қажет", – деді медицина ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Әбдіқалиев.
Оқи отырыңыз: Елу жыл бойы өлім жазасын күткен азамат ақталып шықты