Мемлекеттік рәміздер күні: Алматыда әдеби-патриоттық кеш өтті

Басқосуда кітапхана қызметкерлері, ту, елтаңба мен әнұран жайлы жазылған қордағы зерттеу таныстырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан жазушылар кітапханасында Мемлекеттік рәміздер күніне орай әдеби-патриоттық кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға еліміздің Қарулы күштерінің ардагерлері, тарихшылар және Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің оқушылары қатысты. Басқосуда кітапхана қызметкерлері, ту, елтаңба мен әнұран жайлы жазылған қордағы зерттеу жұмыстары мен көлемді еңбектерді таныстырды. Сонымен қатар заңдар жинағы көрсетіліп, рәміздердің қалыптасу тарихы баяндалды.

«Рәміздер – тәуелсіздіктің, дербестіктің нышаны. Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар бақытты елміз! Қазақстан жазушылар кітапханасында Б. Момышұлы атындағы «Жас ұлан» мектеп-интернатының тәрбиленушілері келіп отыр. Мақсаты – жастарға патриоттық тәрбие беру», – деді  Қазақстан жазушылар кітапханасының қызметкері Елена Ағайса.

 «Іс-шараға жастар, әйгілі азаматтар келіп жатыр. Олардың халқына жасаған қызметі, өмірлік тәжірибесі – өнеге. Өйткені жастарымыз еліміздің тек болашағы емес, қоғамның қозғаушы күші деп айтуға болады», – деді ҚР Қарулы күштерінің ардагері Мұхамеджан Әбдібеков.

Оқи отырыңыз: Балаларға қуаныш сыйла: Алматыда қайырымдылық іс-шара өтті

Новости партнеров