Науқастардың 11,8 пайызы ауруханада көз жұмған
Елде инсультке шалдығатындардың қатары көбейіп барады. Орта есеппен жыл сайын шамамен 40 мың адам осы дертке ұшырайды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Былтыр бұл сан 49 мыңға жеткен. Науқастардың 11,8 пайызы ауруханада көз жұмған. Елімізде инсультпен күресуге бағытталған 83 арнайы орталық жұмыс істейді. Дәрігерлердің айтуынша, бұл диагноз көбінесе созылмалы аурулары бар азаматтарда жиі кездеседі.
«Негізгі себептері науқастарда адамның бойындағы созылмалы аурулардың болуы. Олар жоғары артериялық қысым, артериялық гипертензия, қант диабеті, гиперхолестеринемия, жүрек аурулары, әсіресес қарт адамдарда жүрек аритмиясы болуы мүмкін», – деді республикалық Инсульт проблемалары жөніндегі үйлестіру орталығының басшысы Сабина Медуханова.
Оқи отырыңыз: TAVI: Алматыда қақпақшаның көмегімен жүрекке ота жасалды