Үкімет отырысында аймақ әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді
Маңғыстау облысында алдағы жылыту маусымына дайындық үшін 25,8 млрд теңге көлемінде қаражат қарастырылған. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аймақ әкімі Нұрдәулет Қилыбай мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол бұл мақсаттарға қаржы бөлу өткен жылмен салыстырғанда 13%-ға артқанын атап өтті.
Соның ішінде негізгі энергетикалық кәсіпорын «МАЭК» ЖШС-де маусымға дайындық аясында келесідей жөндеу жұмыстары жүргізілмек:
Облыс бойынша келесі инженерлік желілерді жөндеу жоспарланып отыр:
«Бүгінгі таңда Ақтау қаласында магистральдық және ішкі кварталдық жылу желілерін жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жобаларға жергілікті бюджеттен 13,6 млрд теңге бөлінді, ҚР Үкіметі резервінен 3,6 млрд теңге қаражат бөлу көзделуде. Жаңғырту жұмыстары жылу беру маусымы басталғанға дейін аяқталатын болады. Аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде Ақтау қаласы бойынша жылу желілерінің тозуы 79%-дан 75%-ға дейін төмендемек», – деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.
Оқи отырыңыз: