Ақпаратты облыстық Полиция департаменті растап отыр
Атырау облысында жоғалып кеткен бүтін бір жанұяға қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жаппай іздестіру нәтижесінде екі адамның мәйіті үй маңындағы сарайдан табылды. Бұл ақпаратты облыстық Полиция департаменті растап отыр. Оған сәйкес табылған мәйіттер үй иелеріне тиесілі болып шыққан. Сондай-ақ бейресми дереккөздерде олардың жасырын өлтірілгені айтылуда.
Айта кетейік, тұтас отбасының 6 бірдей адамы осыдан бір жарым ай бұрын із-түссіз жоғалып кеткен еді. Тергеу әрекеттері күшейтілген режимде жалғасуда.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында отбасының жоғалып кетуіне күйеу баласының қатысы болуы мүмкін