Референдумға дейін:
21
күн
8
сағат
54
минут

Жөргек дауы: атыраулық аналар өзгеріске наразы

Олар балаларға берілетін 1460 дана жөргөкті 4 айға бөлмей, толық беруді сұрайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отызға жуық ана жылына бір рет берілетін жөргектерді төртке бөліп алуға қарсы, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Екі бірдей ерекше бала тәрбиелеп отырған Аслима Қадымова үшін өзгеріс төбесіне жай түскендей болған. Себебі бұған дейін келіншек ұл-қыздарына берілетін көмекті жылына бір рет алып келген. Жаңа өзгеріске сай төрт бөліп алмақ. Алайда ол жаңашылдыққа үзілді-кесілді қарсы.   

«1460 штук памперсті жылына бір рет алғымыз келеді. Жылына төртке бөліп алуға қарсымыз. Ешкімге ештеме айтпай гигиеналық қажеттілікті шектеу шарасыздықтан ең соңғы шешім болуы тиіс деп ойлаймын», – деді қала тұрғыны Аслима Қадымова.

Аслима сияқты 400-ден аса ана министрлік бекіткелі тұрған жаңашылдыққа наразы. Сондықтан олар балаларға берілетін 1460 дана жөргөкті айға бөлмей  толық беруді сұрайды.

«Үш балам үш түрлі размер киеді, жолда жүреміз, памперсте керек. Бөліп берген ыңғайсыз», – деді қала тұрғыны Жәмила Сәрсенбаева.

Ашынған аналардың талап-тілегін тыңдаған шенеуніктер даурығуға негіз жоқ деп отыр. Өйткені өзгеріс бекітілмеген, тек қаралып жатыр деп түсіндірді.

«Қазіргі таңда министрлікте норманы енгізу жөнінде мәселе қаралып жатыр. Бұл гигиеналық жөргектерді  министрліктің №287 бұйрығымен бекітілген. Аналармен кездескеннен кейін, жиын хаттамсына министрлік тарапынан бұрынғы беріліп отырған  тәсілмен қалдыру жөнінде ұсыныс бергім келіп отыр», – деді облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Полымбет Хасанов.

Алайда шыдамдары таусылған аналар мәселе шешілмесе, үнімізді Үкіметке жеткіземіз деп бекініп отыр. Жалпы аймақта 27 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жан бар. Қазір 3мыңнан аса балаға мемлекет тарапынан арнайы көмек тағайындалған.

Оқи отырыңыз: Дәрігердің салғырттығы: Таразда босанған ана көз жұмды

Новости партнеров